Əділет органдары деректерді талдауды алдыңғы жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер, құқық қорғау органдары мен соттар ұсынған мəліметтер, жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштері, аумақтық нотариаттық палаталардан алынған мəліметтер, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да құжаттар жəне (немесе) мəліметтер бойынша жүзеге асырады.
3. Уəкілетті орган жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын аумақтық əділет органдарының жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде тексеруді жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін қалыптастырады жəне бекітеді.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары уəкілетті органның интернет-ресурсында тексеруді жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей орналастырылады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мыналарды қамтиды:
1) жоспардың бекітілген күні жəне нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері;
4) тексеру нысанасы;
5) тексеруді жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік бақылау субъектісі мəртебесінің өзгеруі, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның таралуы, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер, инфекциялық, паразиттік аурулар ошақтарының, уланудың, радиациялық авариялар мен соған байланысты шектеулердің туындауы немесе туындау қатері жағдайларында жүзеге асырылады.
Бұл ретте аумақтық əділет органдары жарты жылда бір рет ағымдағы күнтізбелік жылдың 5 шілдесінен жəне есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, уəкілетті органға нотариустар мен аумақтық нотариаттық палаталарды жоспарлы тексерулер туралы есепті, сондай-ақ нотариустар мен аумақтық нотариаттық палаталарды жоспардан тыс тексерулер туралы есепті уəкілетті орган бекітетін нысандар бойынша ұсынады.
4. Арнаулы білімді қажет ететін мəселелерді түсіндіру үшін тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылуы мүмкін.
5. Жеке практикамен айналысатын нотариустарды жоспарлы тексерулер нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан:
1) нотариаттық іс жүргізу;
2) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану;
3) нотариаттық əрекеттер жасау;
4) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;
5) нотариат туралы заңнамада белгіленген өзге де талаптар бөлігінде жүзеге асырылады.
Аумақтық нотариаттық палаталарды жоспарлы тексерулер нотариат туралы заңнаманың:
1) жеке нотариаттық архивтерді құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау жəне пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру;
2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруын ұйымдастыру;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алуға үміттенетін адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жəне олардың біліктілік талаптарына сай келуі;
4) нотариаттық палатаға мүше болу шарттарын жəне нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдау мен мүшеліктен шығару тəртібін сақтау;
5) нотариустарға бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге қолжетімділікті беру мен тоқтату бойынша талаптарына олардың қызметінің сəйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексеру нақты фактілер мен мəн-жайлар бойынша жəне жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған, растайтын дəлелдемелер болған кезде аумақтық əділет органдарының бастамасымен жүргізіледі.
Анонимдік жолданымдар келіп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
7. Мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері:
1) мемлекеттік бақылау субъектілерінің əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштері;
2) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіру не нұқсан келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талаптары мен ұсынымдары;
3) нотариат туралы заңнаманың талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары.
8. Аумақтық əділет органы тексерулерді жүргізу кезінде осы Заңды жəне осындай қызметті реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
31-3-бап. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптарды сақтауы тұрғысынан тексеруді жүргізу тəртібі
1. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады жəне оған аумақтық əділет органының басшысы қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы акт аумақтық əділет органында электрондық құжат айналымы арқылы тіркеледі.
Жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасы мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс етілген немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы немесе жеткізілгенін тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберілген кезде тиісті түрде жеткізілген деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) аумақтық əділет органының атауы;
3) тексеруді жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), орналасқан жері, сəйкестендіру нөмірі, мемлекеттік бақылау объектілерінің тізбесі;
6) тағайындалған тексерудің түрі;
7) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге тиіс Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеруді жүргізу кезеңі;
10) нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектісінің осы Заңның 31-4-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актілерге қол қоюға уəкілеттік берілген лауазымды адамның қолтаңбасы жəне аумақтық əділет органының мөрі;
12) мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Аумақтық əділет органының тексеру жүргізуге келген лауазымды адамы мемлекеттік бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіні, өзінің мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып саналатын сəйкестендіру картасын ұсынады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс еткен күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді жүргізу мерзімі:
жоспарлы тексерулер бойынша - жиырма жұмыс күнінен;
жоспардан тыс тексерулер бойынша - жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту тексеруді ұзарту туралы актімен ресімделеді. Тексеруді ұзарту туралы актіде тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі жəне ұзарту себебі көрсетіледі.
2. Лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) тексеруді жүргізуіне кедергі келтіргені үшін мемлекеттік бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
3. Аумақтық əділет органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеруді жүргізу нəтижелері бойынша тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
4. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) аумақтық əділет органының атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), орналасқан жері, сəйкестендіру нөмірі, тексеру жүргізу кезінде уəкілетті өкіл қатысқан кезде оның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы, мемлекеттік бақылау объектілерінің тізбесі;
7) тексеру жүргізудің күні, орны жəне кезеңі;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың болуы немесе болмауы туралы, оның ішінде олардың сипаты туралы мəліметтер;
9) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама, онда төмендегі мерзімдер:
жоспарлы тексеру бойынша - он бес жұмыс күні белгіленіп, осы Заңның талаптарына сəйкес, белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жəне анықталған бұзушылықтардың тізбесін аумақтық əділет органына ұсыну қажеттілігіне нұсқау жасалады;
жоспардан тыс тексеру бойынша - жеті жұмыс күні белгіленіп, осы Заңның талаптарына сəйкес, белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жəне анықталған бұзушылықтардың тізбесін аумақтық əділет органына ұсыну қажеттілігіне нұсқау жасалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, бұзушылықтарды жою мерзімі белгіленбейді, бұл жөнінде тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетіледі.
Бұл ретте мемлекеттік бақылауды жүргізген лауазымды адамдар бес жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтардың жойылуының анық фактісін бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе арқылы да, нотариаттық іс материалдары бойынша да анықтайды;
10) мемлекеттік бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нəтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны, олардың қол қойғаны немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы мəліметтер;
11) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелерімен байланысты құжаттар бар болса, осындай құжаттар немесе олардың көшірмелері тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі.
5. Тексеру нəтижелері туралы актінің электрондық түрдегі бірінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына жіберіледі, қағаз жеткізгіштегі екінші данасы танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жəне басқа да əрекеттер жасау үшін тексерілетін мемлекеттік бақылау субъектісіне қол қойғызып табыс етіледі немесе электрондық түрде жіберіледі, үшінші данасы аумақтық əділет органында қалады.
Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісі не оның уəкілетті өкілі ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол жөнінде тиісті белгі жасалады.
Аумақтық əділет органы тексеру нəтижелері бойынша мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру нəтижелері туралы ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне үш жұмыс күні ішінде уəжді жауап ұсынуға міндетті.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалып, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам (лауазымды адамдар) жəне мемлекеттік бақылау субъектісі не оның уəкілетті өкілі қол қояды.
6. Тексеру нəтижелері туралы актіні мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс еткен күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тексеру нəтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы актіде көрсетілген тексеру мерзімдері аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етіледі (жіберіледі).
Тексеру нəтижелері туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс етілген немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы немесе жеткізілгенін тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберілген кезде тиісті түрде жеткізілген деп есептеледі.
7. Мемлекеттік бақылау субъектілері бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған кезде аумақтық əділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мəжбүр ету туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге міндетті.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын адамдар бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде мəлім болған нотариаттық əрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Бұл адамдар құпияны жария еткенi жəне нотариусқа келтірген нұқсан үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
31-4-бап. Нотариаттық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік бақылау субъектілері аумақтық əділет органының тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын мынадай жағдайларда:
1) осы Заңның 31-3-бабы 1-тармағының сегізінші жəне тоғызыншы бөліктерінде белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдер асып кеткенде не өтіп кеткенде;
2) тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылғанда;
3) тексеру жүргізудің негіздері болмағанда;
4) тексеру тағайындау туралы акт болмағанда немесе ұсынылмағанда;
5) жоспарлы тексеруді тағайындау кезінде хабарлама болмағанда, сол сияқты тексерудің басталғаны туралы хабарлау мерзімдері сақталмағанда, тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаннан кейін аумақтық əділет органының лауазымды адамдарының үй-жайға кедергісіз кіруін жəне нотариаттық құжаттарға, оның ішінде бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
3) тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес, аумақтық əділет органының лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ цифрлық жүйелерге қолжетімділік беруге;
4) тексеру нəтижелері туралы актімен танысу үшін аумақтық əділет органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге міндетті.
3. Аумақтық əділет органдары тексеруді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда, мемлекеттік бақылау субъектісі аумақтық əділет органының жəне оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне сəйкес дауды сотқа дейінгі реттеу тəртібімен жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым жасауға құқылы. Сотқа жүгінім осы тəртіп сақталғаннан кейін берілуі мүмкін.
4. Егер аумақтық əділет органы жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулерді мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын осы тарауда белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізген болса, осындай тексерулер жарамсыз деп танылады.
Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеруді жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру актісінің, тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюына негіз болады.
Мемлекеттік бақылау субъектісінің жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою жөніндегі, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою жөніндегі өтінішін жоғары тұрған мемлекеттік орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.»;
26) 33-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы «жəне» деген сөзден кейін «нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, қағаз түріндегі жəне электрондық түрдегі» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 39-баптағы «Қазақстан Республикасының Əділет министрлігi бекітетін» деген сөздер алып тасталсын;
28) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Нотариаттық əрекеттерді жасау тəсілдері
1. Өсиеттерді куəландыру мен осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 10) жəне 11) тармақшаларында көрсетілген нотариаттық əрекеттерді қоспағанда, нотариаттық əрекеттер өтініш білдірген адамның жеке қатысуымен немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы қашықтан жасалуы мүмкін.
2. «Цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы қашықтан жасалуы мүмкін нотариаттық əрекеттер Нотариустардың нотариаттық іс-əрекеттер жасау қағидаларында айқындалады.
Нотариаттық əрекеттер бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе өңдейтін аутентификациялауды анықтау арқылы, дербес деректерді өңдеу үшін тиісті техникалық жəне ұйымдастырушылық шараларды пайдалану, сондай-ақ деректерді жария тіркелімдерге жəне цифрлық жүйелерге тиісті түрде берудің техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Биометриялық сəйкестендіру кезінде биометриялық деректердің эталондық базасының биометриялық деректерін жинау, сақтау, өзгерту, пайдалану, жою, бұғаттау жəне беру қағидаларына, сондай-ақ цифрландыру саласындағы уəкілетті орган бекітетін биометриялық сəйкестендіруді жүргізу тəртібіне сəйкес биометриялық деректердің эталондық базасы пайдаланылады.
Көрсетілген шаралар бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
29) 46-баптың 1-тармағындағы «олардың атынан нотариаттық іс-əрекеттер» деген сөздер «олардың атынан, оның ішінде басшылары, құрылтайшылары жəне акционерлері нотариустың жақын туыстары болатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық əрекеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 54-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тіркелуге тиіс жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару жəне кепілге қою туралы шартты куəландыру осы мүліктің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.»;
31) 60-баптың 2-тармағы «құралдары» деген сөзден кейін «жəне бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 9-тарау мынадай мазмұндағы 72-1-баппен толықтырылсын:
«72-1-бап. Өсиетті орындаушының, өсиет жүктелген өкілдің өкілеттігін куəландыру туралы куəлік беру
Өсиет қалдырушы мұрагері емес, өзі өсиетте көрсеткен адамға (өсиетті орындаушыға, өсиет жүктелген өкілге) өсиетті орындауды тапсырған жағдайда, нотариус өсиетті орындаушының, өсиет жүктелген өкілдің өтініші бойынша оның өкілеттігін растау үшін өсиетті орындаушының, өсиет жүктелген өкілдің өкілеттігін куəландыру туралы куəлікті береді.
Куəлікте өсиетті орындаушы, өсиет жүктелген өкіл, оның өкілеттігінің туындау негіздері, сондай-ақ оған берілген өкілеттіктердің көлемі көрсетіледі.»;
33) 92-1-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «орындау мерзімі» деген сөздер «мемлекеттік сатып алу жəне «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылатын сатып алу туралы шартты қоспағанда, орындау мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өндіріп алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген талап бойынша атқарушылық жазбаны жасау үшін борышкердің міндеттемені орындамағаны туралы жазбаша мойындауын нотариусқа ұсынуға тиіс.
Жазбаша мойындау бір немесе бірнеше құжаттарда білдірілуі мүмкін, олар атқарушылық жазба жасалған кезде борышкердің берешегі бар екенін, оның мөлшерін жəне борышкердің өндіріп алынуға жататын соманы мойындауын куəландыруға тиіс.»;
34) 92-2-бапта:
3-тармақтың 34) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы бойынша атқарушылық жазба өндіріп алушының (жеке тұлғаның) өтініші негізінде - жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық түрде, ал өндіріп алушы заңды тұлға болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық түрде жасалады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атқарушылық жазба осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 8) тармақшалары негізінде борышкердің (жеке немесе заңды тұлғаның) тіркелген жері бойынша жасалады.»;
35) 92-3-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) борышкердің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тіркелген жері, жеке сəйкестендіру нөмірі не заңды тұлғаның атауы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі, тіркелген жері жəне деректемелері;»;
6) тармақша «əрекеттеріне» деген сөзден кейін «, пошталық шығыстарға» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «тəртібі қамтылуға тиіс.» деген сөздер «тəртібі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) нотариустың атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тартуына сот тəртібімен борышкердің шағым жасау құқығы қамтылуға тиіс.»;
36) 92-6-бапта:
1-тармақтағы «белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе» деген сөздер алып тасталсын;
1-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «соңғы белгілі тұрғылықты» деген сөздер «тіркелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеткізілгенін тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы жəне (немесе) абоненттік нөмірге қысқа мəтіндік хабар түріндегі хабарламаларды пайдалану арқылы жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.»;
37) 92-8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өндіріп алушы мəлімдеген талаппен келіспеудің себептері борышкердің қарсылығында көрсетілмеген жағдайда немесе ол мерзімі бұзыла отырып берілсе, нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тартады.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі «жоймаса» деген сөзден кейін «жəне (немесе) мəжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына берілсе» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Ең төмен əлеуметтік стандарттар жəне олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «мүдделерін» деген сөз «заңды мүдделерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен əлеуметтік стандарты адвокаттардың, заң консультанттарының конституциялық іс жүргізуде Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды мүдделерін білдіруі; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда жəне мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауы мен білдіруі тəртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.».
5. «Адвокаттық қызмет жəне білікті заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін конституциялық іс жүргізуде білдіру;»;
екінші бөліктегі «мүдделерін» деген сөз «заңды мүдделерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тəртіппен жолданымдары бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған Қазақстан Республикасының азаматтары адвокаттың немесе заң консультантының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегімен қамтамасыз етіледі.»;
4-тармақтағы «жəне 3-тармақтарында» деген сөздер «, 3 жəне 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 33-баптың 3) тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін конституциялық іс жүргізуде білдіруге, заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін құзыретіне тиісті мəселелерді шешу кіретін барлық соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда қорғауға жəне білдіруге;»;
4) 45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жолданымдары бойынша конституциялық іс жү қозғалған Қазақстан Республикасы азаматтарының өкілдері ретінде конституциялық іс жүргізуге қатысады;»;
5) 76-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жолданымдары бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге;».
1. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын жəне 34) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.