1) осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 17) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші абзацтарының талаптары бұрын нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелері лауазымдарын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының талаптары бұрын Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелері лауазымдарын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған Республикалық нотариаттық палатаның тəртіптік комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 20) тармақшасының талаптары бұрын нотариаттық палаталардың төрағалары лауазымдарын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған нотариаттық палаталардың төрағаларына қолданылады;
4) осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 22) тармақшасының талаптары бұрын Республикалық нотариаттық палатаның төрағалары лауазымын атқарған, сондай-ақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін сайланған Республикалық нотариаттық палатаның төрағаларына қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 8 шілде
№ 343-VIII ҚРЗ