«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 547 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 547 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» «Қазақстан Республикасы Кодексінің 152-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 152-бабына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу тәртібін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Заңсыз өткізілген тауарларды сәйкестендіру мақсатында, осы тауарларды анықтаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары «Кеден құжаттарының нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен бекітілген нысан бойынша Кедендік тексеру актісін жасай отырып, кедендік тексеру жүргізеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.