Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығы
(2025.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.29.07. № 294 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.29.07. № 294 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.29.07. № 294 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын бітіргені туралы куәліктің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тіркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.