(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛ...

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы
білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы
келісім
(Астана қ., 2006 жылғы 4 шілдеде)

 

Осы редакция 2022 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 7 шілдедегі № 704 Қаулысымен бекітілді

2010 жылғы 31 шілдеде күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

халықаралық нормаларды негізге ала отырып, екі елдің ұлттық заңнамаларын назарға ала отырып,

білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән бере отырып,

Тараптардың арасында қалыптасқан оңтайлы білім беру байланыстарын және білім беру саласындағы өзара мүдделі басым ынтымақтастықты есепке ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:

- білім беру жүйесі мен білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпараттармен алмасу;

- оқу және оқу-әдістемелік, аудио және видео материалдармен алмасу;

- білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлермен алмасу;

- білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілермен алмасу;

- білім беретін ұйымдардағы аттестаттау және аккредиттеу

- мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ықпал ету;

- барлық деңгейдегі Тарап мемлекеттерінің білім беретін ұйымдарының арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге ықпал ету.

 

 

2-бап

 

Тараптар мамандармен, ғылыми-педагог кадрлармен алмасу, даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді және іс-шараларды жүргізуде ынтымақтастықты дамытады, оларды іске асыру Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ұйымдарының арасында тікелей шарттарды жасасу негізінде жүзеге асырылады, онда олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі анықталатын болады.

 

 

3-бап

 

Тараптар жыл сайын баламалы негізде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасуды жүзеге асырады.

Тарап мемлекеттерінің әрқайсысынан білім алушылардың жыл сайынғы жалпы саны баламалы негізде 5 адамнан аспауы тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.