Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 879 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.