«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 284 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушілердің «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: