«Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 393 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-71) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық бұйымдарды қолдануға, сондай-ақ науқастың қолындағы медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа жағдайларды қоспағанда пайдалануға рұқсат етілмейді.