«Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-34/13 шешімі

Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-34/13 шешімі

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № С-26/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7033 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 34 544 561,9 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 21 940 282,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 128 508,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 623 979,2 мың теңге;

трансферттер түсімі - 11 851 792,4 мың теңге;

2) шығындар - 35 686 319,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -137 423,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 110 600,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 248 023,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 293 060,8 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 293 060,8 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 297 395,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 297 395,0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 7-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.