(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЦИФРЛЫҚ НОТАРИАТ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСУ ТУРАЛЫ...

Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 231 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 147/НҚ бірлескен бұйрығы

(2024.08.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес ақпараттандыру объектілері мен «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы сенімхаттарды нотариаттық куәландыру және оларды ұсыну жөніндегі процестерді автоматтандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

ҚР Әділет министрінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024.08.01. № 5/НҚ бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге ақпараттандыру объектілері мен «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері арқылы кейбір цифрлық нотариаттық құжаттар жасауға мүмкіндік беруді көздейтін «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасы іске қосылсын.

ҚР Әділет министрінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024.08.01. № 5/НҚ бірлескен бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған Ақпараттандыру объектілері және «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілері арқылы кейбір нотариаттық құжаттар жасау алгоритмі бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Әділет министрліктері және ұйымдар (келісім бойынша) мыналарды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.