Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 377-НҚ бұйрығы
(2025.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025.12.05. № 221-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер;
2) 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер;
3) 2027 жылғы 1 желтоқсанға дейін: осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу жүзеге асырылатын елдімекендер.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап колданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
Қ. Ысқақов |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025.12.05. № 221-НҚ бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушының
2024 жылғы 26 тамыздағы
№ 377-НҚ бұйрығына
1-қосымша