Нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Төрағасының міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 157 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған нормативтік-техникалық құжат «Жол құрылысында геосинтетикалық материалдарды қолдану жөніндегі әдістемелік ұсыным» бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұ 218-42-2014 «Жол құрылысында геосинтетикалық материалдарды қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» салалық нормативтік-техникалық құжаты күші жойылды деп танылсын.