ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1, 2, 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер – 15 664 981 259 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 9 816 780 519 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 343 224 400 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 251 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 502 725 340 мың теңге;
2) шығындар – 18 062 677 021 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 494 481 197 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 646 297 309 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 151 816 112 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 86 085 873 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 86 085 873 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2 978 262 832 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,3 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -9 342 602 832 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 10,2 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2 978 262 832 мың теңге.
2-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 52 143 587 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 217 940 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.»;
«6-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері 432 288 358 мың теңге сомасында көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
7-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 4 030 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.»;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат олардың мөлшерлерін:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.»;
4) 14-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 11-1), 11-2), 11-3), 29-1), 33-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) ішкі істер органдарының қосымша штат санын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға;
4-2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;»;
«11-1) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға;
11-2) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;
11-3) басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға;»;
«29-1) мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге тартылған, бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үздік педагогтеріне қосымша ақы төлеуге;»;
«33-1) жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге;»;
«35-1) жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;»;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;»;
мынадай мазмұндағы 48-1) және 48-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«48-1) мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыруға;
48-2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;»;
екінші бөлік «бірінші бөлігінің» деген сөздерден кейін «4-2),» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған резерві 479 557 121 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
6) 18-бап алып тасталсын;
7) 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 251 000 мың теңге сомасындағы қаражат көрсетіле отырып, 15 416 774 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
20-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 94 304 381 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;
8) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.»;
9) 22, 23, 24 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. 2022 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 210 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
23-бап. 2022 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.
24-бап. 2022 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 21 494 600 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
25-бап. 2022 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 3 132 996 252 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
10) көрсетілген Заңға 1, 4 және 5-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 12 мамыр
№ 121-VII
«2022 – 2024 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
2022 жылғы 12 мамырдағы
Қазақстан Республикасының
№ 121-VII Заңына
1-ҚОСЫМША
«2022 – 2024 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
№ 77-VII ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША