ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау
1. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
2. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы лицензиаттар тізбесін, нысандары мен мерзімділігін лицензиар біліктілік талаптары шеңберінде айқындайтын есептерді, хабарламаларды лицензиарға ұсынады.».
2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-бап мынадай мазмұндағы 21-9) тармақшамен толықтырылсын:
«21-9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулер мен жоспардан тыс тексерулер нысанында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар салаларында берілген рұқсаттар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;».
3. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестендіру құралдары басылған тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алуды жүзеге асыруға;».
4. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 9) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер алып тасталсын.
5. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) қажетті ақпаратты тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілген құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен көрсете отырып, ықтимал қауіп-қатер туралы және құрамында жасанды интеллект құрауыштары бар тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) (жасанды интеллект жүйесі өндірген, орындайтын және (немесе) көрсететін) қауіпсіз пайдаланудың шарттары туралы тұтынушыға хабар беруге міндетті.».
6. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2) тармақшадағы «мәліметтер», «тіркелген сол мәліметтер» деген сөздер тиісінше «деректер, оның ішінде биометриялық деректер», «тіркеп-белгіленген сол деректер, оның ішінде биометриялық деректер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу - ақпараттандыру объектісінің дербес деректерді өңдеуі, бұл меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның өңдеу процесіне қатысуын болғызбайды;»;
2) 7-бапта:
тақырыптағы «жалпыға бірдей қолжетімді көздерден алынған» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Дербес деректерді жинау және өңдеу нақты, алдын ала айқындалған және заңды мақсаттарға қол жеткізумен шектелуге тиіс.
Дербес деректерді субъектіге мүліктік залал және (немесе) моральдық зиян келтіру, оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын шектеу мақсатында жинауға және өңдеуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерден мақсатсыз алу арқылы дерекқорларды құру немесе кеңейту үшін дербес деректерді жинауға, өңдеуге тыйым салынады.
12. Субъектінің келісімі алынған жағдайды қоспағанда, субъектінің биометриялық деректерін жинау және оны сәйкестендіру жөніндегі технологиялық құралдарды, сондай-ақ жиналған биометриялық деректер мен сәйкестендіру ақпаратын қоғамдық орындарда пайдалану тек қана конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзімнен аспайды.
6. Егер дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі көрсетілмесе, ол берілген кезінде айқындалған өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін қолданыста болады деп есептеледі.
7. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны хабардар ете отырып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді кері қайтарып алуға құқығы бар.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді сақтау немесе өңдеу талап етілмесе, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға он бес жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді тоқтатуға не уәжді бас тартуды ұсынуға міндетті.»;
4) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Дербес деректерді иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор өзі дербес жүргізген жағдайды қоспағанда, жасанды интеллектінің ұлттық платформасы үшін дербес деректерді жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді иесіздендіруді жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырады.»;
2-тарау мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге қойылатын талаптар
1. Субъектінің келісімі алынған жағдайды қоспағанда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, салдарынан субъектіде құқықтар, заңды мүдделер туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге тыйым салынады.
2. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектіге өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеудің тәртібін және ықтимал салдарларды түсіндіруге, өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеуге қарсылық білдіру мүмкіндігін беруге, сондай-ақ субъектінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тәртібін түсіндіруге міндетті.
3. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға осы баптың 2-тармағында көрсетілген қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарауға және субъектіні осындай қарсылықты қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті.
Субъект меншік иелерінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.».
7. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 52-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Шектеусіз мерзімге берілген, ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметінің және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің жұмысы шеңберіндегі арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензиялар, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге арналған лицензиялар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алты ай ішінде, қолданылу мерзімдері шектелген лицензиялар осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес қайта ресімделуге тиіс.»;
2) 1-қосымшаның 27, 28 және 29-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«