ҚР ЕР 218-162-2023
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын ортаіпа және ағымдағы жөндеу кезінде техникалық
қадағалауды жүзеге асыру және оған жұмсалатын шығындарды анықтау бойынша
нұсқаулық
5. Техникалық қадағалау қызметінің функциялары, құқықтары мен міндеттері
1.1 Автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асырудың негізгі мақсаты автожол саласында техникалық құжаттаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасының және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындалған жол-құрылыс жұмыстарын қабылдауға жол бермеу болып табылады.
1.2 Осы Нұсқаулық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу кезінде техникалық қадағалау жұмыстарының құрамы мен жүргізілу тәртібін, сарапшылардың функционалдық міндеттерін, сондай-ақ техникалық қадағалау қызметтерінің құнын айқындауды ұйымдастыруды айқындайды және қолдануға арналған:
- техникалық қадағалаудың инжинирингтік қызметтерін көрсететін жол саласының субъектілері, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
- Тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын жол қызметі субъектілерінің қызметі
- жобалық ұйымдардың шығындар лимитін және техникалық қадағалау сарапшыларының санын техникалық-экономикалық есептеулер шеңберінде.
ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру.