«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 қазандағы № 743 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 133 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
1) лизингтік төлемдер - есептік кезеңдегі қаржылық лизинг шарты бойынша жалдау ақысының сомасы;
2) кредит бойынша сыйақы - субсидияланатын авиамаршруттарды орындауға жұмылдырылған әуе кемелерінің үлгілерін сатып алуға заем бойынша сыйақы;
3) ұшу сағаты - ұшақтың ұшып көтерілу мақсатында қозғалу сәтінен бастап оның ұшу аяқталғаннан кейін тоқтаған сәтіне дейінгі жалпы уақыт;
4) ұшу сағатының өзіндік құны - рейстер құнын есептеу кезінде құрамдас бөлігі болып табылатын ауыспалы шығыстармен қатар әуе кемелерін пайдаланудың орындылығын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Синтетикалық көрсеткіштегі сияқты ұшу сағатының өзіндік құнында өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрсетіледі: материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану дәрежесі.»;