«Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 373 Қаулысы

 «Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 373 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 345 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Бітімгершілік операцияға дайындық қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бітімгершілік операцияға дайындық тәртібін айқындайды.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Ұлттық контингентті материалдық-техникалық қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.»;

17-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұлттық контингентті қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін байланыс саласындағы уәкілетті органға;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) ұлттық контингентті және жүкті бітімгершілік операция жүргізілетін аймаққа (ауданға) және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін көлік саласындағы уәкілетті органға жүгінеді.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйке жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 14 мамырдағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.