«Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 282 шешімі

Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 282 шешімі

 

Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

3-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«23) шағын архитектуралық нысандар - сәндік сипаттағы және практикалық пайдалану объектілері (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды еске алу үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, мүсіндер, субұрқақтар, гүл құмыралары, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);»

4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) монументалды-сәндік өнер туындылары - көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды, сәндік композицияларды, обелисктерді, монументалды кескіндеме туындыларын еске алу үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, мүсіндер, стелалар;»;

7 - параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-Параграф. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын ұстау»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Бау-бақша жиһазының, бау-бақша жабдықтарының және шағын сәулет нысандарының объектілері, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.