«Білім беру және ғылым статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 154 бұйрығы (күші жойылды)

Білім беру және ғылым статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 154 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112124, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112124, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112179, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 621112179, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Жоғары оқу орнының есебі» (коды 621112206, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.