«Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 71 Қаулысы (күші жойылды)

«Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 71 Қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13057 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есеп және қосымша ақпарат беру нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы»;

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«1. Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің (бұдан әрі - таратылатын банк) тарату комиссиялары беретін есеп және қосымша ақпарат берудің мынадай нысандары бекітілсін:»;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есеп осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.