ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 8 мамыр
№ 1272
Президентінің
2026 жылғы 8 мамырдағы
№ 1272 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 1042 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары