Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 521 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.»;
1-тармақтың тоғызыншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;