«Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 26 бұйрығы

 «Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 26 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарында:

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Бұйымдарды жөндеудің (түрлендірудің) барлық сатысында:

1) бұйымның атауы мен нөмірінен;

2) түрлендіруді және конструкторлық құжаттаманың және технологиялық құжаттаманың (техникалық шешімдер парақтары, рұқсат карталары) талаптарынан жіберілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнынан;

3) бөлшектердің, бұғаулардың және бұйымдардың іс жүзіндегі сипаттамалары мен параметрлерінен;

4) жұмыстарды орындау мен бақылау күнінен;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.