«Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 36 бұйрығы

 «Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 36 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалардың ережелерін азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерінің (бұдан әрі - АА), сондай-ақ өз қызметінде ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдаланатын және/немесе ҰРТҚ-ға әсер ететін қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшы және инженерлік-техникалық персоналы іске асырады және қамтамасыз етеді.»

6-тармақта:

13) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 89-1) тармақшамен толықтырылсын:

«89-1) көзге көрінетін бақылау жүйесі - әуеайлақта (тікұшақ айлағында) немесе оның маңында ахуалдық хабардарлықты қолдау үшін қажетті қозғалысты және кез келген басқа ақпаратты электрондық көзбен шолып көрсетуді қамтамасыз ететін электрондық-оптикалық жүйе»;»

мынадай мазмұндағы 127-1) тармақшамен толықтырылсын:

«127-1) ретрансляция әдісін қолданатын байланыс - ретрансляция жабдығын пайдалануға, үшінші тарапты (адамды) тартуға мүмкіндік беретін электр байланысы (мысалы, байланыс арнасына диспетчерден алынған ақпаратты беретін авиациялық әуе/жер станциясының операторын тарту) 5 минут шегінде орнатылады;»

мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.