«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 161 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 161 бұйрығы

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33748 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3, 17-4, 17-5 және 17-6 тармақтармен толықтырылсын:

«17-1. Тұрғын үй комиссиясы жұп санды кемінде алты адамнан, оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қалыптастырылады.

17-2. Тұрғын үй комиссияны:

1) орталық мемлекеттік органда - аппарат басшысы;

2) жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде - бірінші басшысының орынбасары басқарады.

17-3. Тұрғын үй комиссияның хатшысы дауыс беру құқығынсыз тұрғын үй комиссиясының мүшесі болып табылады.

17-4. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді.

17-5. Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.