17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 174-бап жаңа редакцияда
174-бап. Өтпелі ережелер
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.
2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның 138-бабының 3-тармағы жаңадан келіп түскен атқарушылық құжаттарға қатысты қолданылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес оларды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 2-і.
№ 261-IV