«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 784 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 784 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

381) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«381) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлеу және бекіту;»;

400) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«400) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;

402) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«402) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;

1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

мынадай мазмұндағы 405-1) тармақшамен толықтырылсын:

«405-1) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;»;

412) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.