«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысы

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 3, 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Конституцияның 77-бабы 3 тармағының 5) тармақшасында жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтыны белгіленген.

ӘҚБтК-нің 4-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады. ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгінде көзделген іс-әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың басталған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 6-бабы үшiншi бөлiгiнiң талаптарына сәйкес жаңа заңмен әрекетi қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызылған адам жауаптылықты күшейтетін жаңа заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгiнiң бабы бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.