«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығына 1-қосымша) (2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.04.02. № 47 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 271 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.27.09. № 356 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.27.09. № 356 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте тұрудың жол берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.