(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНА ЖӘНЕ ...

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 Қаулысы

(2024.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.30.12. № 100 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.