Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 Қаулысы
(2022.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.28.02. № 19 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Мына:
1) «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7925 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 696-701 (27773) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 229 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12950 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: