Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі № 684 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелерді әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.