«I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 287 бұйрығы

I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 287 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 150-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

реттеу және дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Экология,

геология және табиғи

ресурстар министрінің м.а.

2021 жылғы 3 тамыздағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.