«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 277 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 277 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің зерттеулер, консалтингтік қызметтер құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

С. Нұрбек

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім

министрінің

2025 жылғы 28 мамырдағы

№ 277 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің зерттеулер,

консалтингтік қызметтер құнын айқындау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.