«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 12-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 6 тамыздағы № 534 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерде:
3 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысандары (бұдан әрі - мемлекеттік аудит нысандары) - мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, саланы/аяны дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар, бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;»
20 - тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: