«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 322 бұйрығы

«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 322 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) 16-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) тұрақты сипаттағы ынталандыру төлемдері - еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген жағдайлар туындаған кезде үнемі төленетін төлемдер.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.