«Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 30 қазандағы № 64 Қаулысы (күші жойылды)

«Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 30 қазандағы № 64 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 100 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;

4) осы қаулыға 3-1-қосымшаға сәйкес капиталдың контрциклді буферін есептеу үшін тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің нысаны;

5) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;

6) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің нысаны;

7) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есептің нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.