(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚТЫҢ (ТАЛАП ЕТУДІҢ) ӨТУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАМТИТЫН ША...

Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 16) тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктермен, екінші деңгейдегі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдармен ұсынатын мәліметтер нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.