Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 92-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімнің нысанын бекіту туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешімнің нысанын бекіту туралы.
2. «Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 398 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11918 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіде 2015 жылы 9 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;