Талдықорған қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 47-258 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 71 806 794 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 34 941 925 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 2 097 589 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7 407 180 мың теңге;
трансферттер түсімі 27 360 100 мың теңге;
2) шығындар 70 154 008 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 164 799 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 116 605 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 281 404 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 1 817 585 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) (-) 1 817 585 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 4 805 999 мың теңге;
қарыздарды өтеу 6 623 584 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві 895 774 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2026 жылға арналған қала бюджетінде қала бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 165 577 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Еркін ауылдық округіне 127 635 мың теңге;
Өтенай ауылдық округіне 37 942 мың теңге.
4. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 47-258 шешіміне 1-қосымша
2026 жылға арналған қала бюджеті