«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 613 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
«Паспорт» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
| Атауы | Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) |
| Әзірлеу үшін негіздеме | 1. «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы. 2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы отырысы № 4 хаттамасының 1.3.2-тармағы |