(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ...

Предыдущая страница

2. Демалыс ұзақтығын анықтау кезiнде, қызметкерлердің демалыс орнына баруы мен қайту жолына кететiн уақыты есепке алынбайды.

3. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөлiп-бөлiп, алайда екі бөліктен асырмай пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақыт демалыстың бiр бөлігіне ғана берiледi.

4. Құқық қорғау органдарынан шығарылатын қызметкерлерге шығарылатын жылға өздерiнiң қалауы бойынша олардың сол жылғы нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi немесе шығарылатын жылы пайдаланбаған ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына тепе-тең, бiрақ күнтізбелік қырық күннен аспайтын ақшалай өтемақы төленедi.

5. Құқық қорғау органдары жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға жiберiлетін қызметкерлерге, ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы білім беру ұйымдарына кеткенге дейiн берiледi.

6. Қызметкерлерге демалыс өткізу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың атқарып жүрген лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алатын мөлшерде төленедi.

 

73-бап. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы

1. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкерлерге сауықтыруға екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күнге берiледi.

2. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкерге күнтiзбелiк жылдың iшiнде демалыстар кестесiне сәйкес берiлуге тиiс.

3. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы кезiнде ауырып қалған қызметкердің демалысы олардың емделуде болған күннiң санына ұзартылады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қызметкерге құқық қорғау органдарына қызметке тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), сондай-ақ жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа (демалыстан) шыққан, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалысының, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстан шыққан жылындағы ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын он екіге бөлу және алынған күндер санын құқық қорғау қызметіне тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), демалысқа шыққан (демалыстан шыққан) жылындағы қызметінің толық айларының санына көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Толық емес күндердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі.

Бұл ретте ұзақтығы күнтізбелік он және одан көп күнге демалыс алуға құқығы бар қызметкерлерге демалысына қосып, жол жүруіне уақыт беріледі.

 

74-бап. Қысқа мерзімді демалыс

1. Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша, қызметкердiң демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан, күнтізбелік он күнге дейiн берiледi.

2. Қысқа мерзiмдi демалыс ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының есебiне саналмайды.

 

75-бап. Оқу демалысы

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Құқық қорғау органдары ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына мынадай демалыстар берiледi:

1) қысқы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн;

2) жазғы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) магистратураны, докторантураны қоспағанда, білім беру ұйымын аяқтауына байланысты ұзақтығы күнтізбелік отыз күн.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының оқуы бойынша берешегі бар курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына каникулдық демалыс берешекті өтегеннен кейін, оқу бағдарламаларында белгіленген демалыс өткізу мерзімдерінің шегінде беріледі.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы Заңда көзделген қосымша демалыстар курсанттарға берілмейді.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысаны, сондай-ақ қашықтан оқыту бойынша түсетін қызметкерлерге ақшалай қаражаты сақтала отырып, қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін -ұзақтығы күнтізбелік отыз күндік оқу демалысы, ал басқа білім беру ұйымдарына түсетін қызметкерлерге ақшалай қаражаты сақталмай, қабылдау емтихандарын тапсыру үшін ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге дейін оқу демалысы беріледі.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңіне ұзақтығы емтихандық сессияның ұзақтығына тең, бірақ бір жылдың ішінде күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын оқу демалысы беріледі, Қазақстан Республикасы шегінде оқу орнына теміржол көлігімен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледі.

Шет елдердің құқық қорғау (полиция) органдарының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын курсанттарға каникулдық демалыс кезінде оқу орнына баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледі.

6. Қазақстан Республикасының және шет елдердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк ақы төленедi және қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша тұрғынжай жалдау жөніндегі шығыстары өтеледi.

7. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Өзге де білім беру ұйымдарында сырттай (кешкі) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оқу орнына жол жүру, демалыс беру мәселелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарындағы докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге ақшалай ризық сақталмай, атқарып отырған лауазымынан босатыла және құқық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, оқу демалысы беріледі.

 Оқуы аяқталған соң қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.

 

76-бап. Еңбек сіңірген жылдарына қарай және қызметті өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс

1. Зейнетақыны тағайындау кезінде есепке алынатын еңбек сіңірген жылдарына қарай қосымша ақылы демалыс (күнтiзбелiк есеппен):

1) он жылдан аса еңбек сіңірген жылдары барларға - ұзақтығы күнтізбелік бес күнге;

2) он бес жылдан аса еңбек сіңірген жылдары барларға - ұзақтығы күнтізбелік он күнге;

3) жиырма жылдан аса еңбек сіңірген жылдары барларға ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге берiледi.

2. Биiк таулы жерлерде (биіктігі бір мың бес жүз метр және одан жоғары), тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы күнтізбелік қырық бес күн ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен экологиялық апат аймағы деп жарияланған өңірлерде, туберкулезге қарсы ұйымдарда және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет өткеретін қызметкерлер ұзақтығы мен беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын жыл сайынғы қосымша демалыс алуға құқылы.

4. Қызметінің ерекше жағдайлары үшін ұзақтығы күнтізбелік он күнге дейін қосымша ақылы демалыс беріледі, ол жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылып есептеледі және қызметкердің қалауы бойынша онымен бір мезгілде немесе бөлек берілуі мүмкін, бұл ретте қосымша және кезекті демалыстардың жалпы үзіліссіз ұзақтығы күнтізбелік елу бес күннен аспауға тиіс.

5. Зиянды жағдайларда міндеттерін атқарғаны және қызметінің ерекше сипаты үшін бір мезгілде қосымша демалыс алуға құқылы қызметкерлерге қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша беріледі.

 

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс

1. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкерлерге ақылы жыл сайынғы еңбек демалысынан тыс берiледi.

2. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс ұзақтығы, беру және ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен белгiленедi.

2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің кадрына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.

Құқық қорғау органында атқарып отырған лауазымының қысқартылуымен не өзгертілуімен ұйымдық штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, қызметкерге біліктік талаптарына сәйкес келген кезде осы жергілікті жерде басқа бос лауазымға, бірақ бұрын атқарғанынан төмен емес лауазымға ауысу мүмкіндігі беріледі.

 

78-бап. Демалыстан кері шақырып алу

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының жазбаша бұйрығы негiзiнде және қызметкердің жазбаша келісімімен ғана ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үзілуі мүмкін. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi ағымдағы жылы немесе келесi жылы берiледi.

2. Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi күнтізбелік он және одан көп күнді құраса, қызметкерлерге жол жүруге демалыстан тыс уақыт берiледi.

3. Қызметкердің қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi келесi жылғы ақылы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкiн.

 

 

11-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ

 

79-бап. Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтатудың негіздері

Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтатуға:

1) осы Заңмен белгіленген тәртіппен жұмыстан шығару;

2) құқық қорғау органы қызметкерiнiң қайтыс болуы (қаза табуы) немесе соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялануы;

3) қызметкерді хабарсыз кеткен немесе іс-әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп заңда белгіленген тәртіппен тану негіз болып табылады.

 

80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздері

1. Қызметкерлері мынадай негіздер бойынша:

1) еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және зейнетақыға құқық беретін қызметті өткерудің шекті жасына жетуі бойынша;

2) қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша;

3) денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде;

4) штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда;

5) өз қалауы бойынша;

6) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жұмысқа ауысуына байланысты;

7) келісімшартты бұзуға не келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;

8) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайда;

9) аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша;

10) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы байқалған жағдайда;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты;

12) қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін;

2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-1) аумақтық құқық қорғау органының басшысы -

а) қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға;

б) бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына;

в) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін;

13) құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін;

14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда

15) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

15-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға жүгіну фактісі туралы жүгінген күні тікелей басшысына жазбаша нысанда хабарламағаны үшін;

2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

15-2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін;

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн;

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына және құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты;

2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) құқық қорғау органының таратылуына байланысты;

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

19) қызметкердің бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауына байланысты жұмыстан шығарылады.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мынадай әрекеттер, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында құқық қорғау қызметінің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде (құқық қорғау органына тиесілігі айналадағыларға анық белгілі) болуы; есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну; алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін медициналық куәландырудан бас тартуы; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым-қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келген тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа алып келмесе; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу, қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде қызметте болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдануды тудыратын заттарды тұтынуы, қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған, қызмет мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуі жатады.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қызметкерлерді жұмыстан шығарудың осы баптың 1-тармағының 12) - 16) тармақшаларында көзделген негіздері теріс себептер деп танылады.

Қызметкер осы баптың 1-тармағының 9), 10), 12), 12-1), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда, қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруды тоқтата тұрмайды және жұмыстан шығару негіздерінің өзгеруіне алып келмейді.

 

81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары

1. Қызметкерлерді жұмыстан шығаруды қызметкерлерді осы лауазымдарға қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Құқық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрынан шығарылады.

3. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құқық қорғау органдарының зейнеткері куәлігі беріледі.

5. Өзiнiң қалауымен жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бiр ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей басшысына ескертiп, ол туралы жазбаша баянат бередi.

2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2, 4) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылатын қызметкерлер шығарылатыны не қызметте болудың шекті жасына толғаны туралы шығарылғанға немесе шекті жасқа толғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етіледі.

Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруды қоспағанда, қызметкерлерді демалыстарда және емдеуде болған кезеңінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Қызметтен (кеден органдарын қоспағанда) босатылатын қызметкерлерге бiржолғы жәрдемақылар мынадай тәртiппен және мөлшерде төленедi:

күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға - үш айлық ақшалай қамтылым;

күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға:

он жылдан он бес жылға дейін - төрт айлық ақшалай қамтылым;

он бес жылдан жиырма жылға дейін - бес айлық ақшалай қамтылым;

жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін - алты айлық ақшалай қамтылым;

жиырма бес жылдан отыз жылға дейін - жеті айлық ақшалай қамтылым;

отыз жылдан асқандарға - сегіз айлық ақшалай қамтылым.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады.

Бiржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетiн лауазымдық айлықақысы, қызметтен босатылған күнгi арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн қосымша ақы негiзге алына отырып есептеледi.

Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.

2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)