(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ...

Предыдущая страница

Басшылық лауазымдардың тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ротация құқық қорғау органы басшысының шешімімен жоспарлы негізде үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Осы баптың 3-тармағында аталған қызметкерлерді қоспағанда, қызметке басқа елді мекенге ротацияға - қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін - лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.

Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:

1) деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық»);

2) өңіраралық («өңір-өңір»);

3) сектораралық («орталық-орталық»).

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында онымен тұрақты бірге тұратын жəне бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері не Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген жасына байланысты зейнеткер ата-анасы бар лауазымды адамдардың басқа елді мекенге көшумен байланысты ротациясына осы лауазымды адамдардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Көрсетілген мəн-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.

Басқа елді мекенге көшумен байланысты ротациядан бас тартқан жағдайда, осы санаттағы қызметкерлерге нақ сол елді мекеннен бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым ұсынылады не құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша лауазымда болу мерзімі үш жылға дейін ұзартылады.

Лауазымда болудың ең ұзақ мерзімі өткен соң қызметкерге нақ сол елді мекеннен қызметінің нəтижелері, кəсіби қасиеттері, құқық қорғау қызметінің өтілі ескеріле отырып, лауазым ұсынылады.

Ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда қызметкер атқаратын лауазымынан босатылады жəне оның одан əрі қызмет өткеруі мəселесін шешу үшін құқық қорғау органының қарамағына қабылданады.

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

 

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда

32-бап. Құқық қорғау қызметінің жоғары тұрған, тең дәрежелі немесе төмен тұрған лауазымдары

1. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым жоғары шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген болса, жоғары тұрған лауазым болып есептеледі.

2. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі лауазымы бойынша арнаулы атағы немесе сыныптық шені және айлықақысы құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелі лауазым болып есептеледі.

3. Құқық қорғау қызметінің лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе, сыныптық шеніне қарағанда неғұрлым төмен шекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, төмен тұрған лауазым болып есептеледі.

 

33-бап. Қызмет бабында өсіру

2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ психологиялык, іскерлік және жеке қасиеттері, қызметтік жұмыс нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

Қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну аттестаттау не жоспардан тыс немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіруге ұсынылған қызметкерлер қатарынан бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) негізінде не конкурстық негізде жүргізіледі.

Қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін, жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

Жоғары тұрған басшы лауазымға арналған конкурсқа құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуға құқылы.

Құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде конкурс өткізіледі, оған басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсты барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

2. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

33-1-бап. 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

34-бап. 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

35-бап. 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары

1. Құқық қорғау органында кадр құрамын қалыптастыру:

1) қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру;

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) құқық қорғау қызметі лауазымына қызметкерлерді олардың кәсіби даярлығының деңгейін, кәсіби қызметте сіңірген еңбегін, психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып тағайындау;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің дәйектілігі негізінде қамтамасыз етіледі.

2. Құқық қорғау қызметінің кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары:

1) құқық қорғау қызметі лауазымдарының барлық санаттары үшін кадрларды жоспарлы негізде даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

2) қызметкерлердің кәсіби және лауазымдық өсуі үшін жағдайлар жасау;

3) аттестаттау өткізу арқылы қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады.

3. Қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында қызметкерлердің құқық қорғау органдарындағы қызметін өткеру орны бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары ұйымдастырылады. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Кәсіптік қайта даярлау, біліктілікті арттыру қызметкерлердің қосымша кәсіптік білімі болып табылады. Қосымша кәсіптік білім алу қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін үзіліспен, ішінара үзіліспен немесе үзіліссіз атқару түрінде жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің басқа тең жағдайларда қосымша кәсіптік білім алуы қызметкерді жоғары тұрған лауазымға өсіруге немесе оның құқық қорғау қызметі лауазымын жалғастыруына басым негіз болып табылады.

2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелерінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ, басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны және жүзеге асырылу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Кәсіптік дағдыларды, басқару құзыреттілігін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын лауазымға орналасуға үміткер кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы және прокуратура органдарының білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әскери, арнаулы оку орындарында кәсіптік қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.

6. Қызметкер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде қосымша кәсіптік білім ала алады.

 

37-бап. 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

38-бап. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттету

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңнамасында белгiленген тәртiппен - қылмыстық процесті жүргізуші орган ақшалай қаражатты сақтамай, мұндай шараның қажеттігі болмағанға дейін;

2) қызметтік тергеу жүргізілген жағдайда - құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ ақшалай қаражатты сақтай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге уақытша шеттетуі мүмкін.

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығы шығарылады. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей таныстырылуға тиіс. Бұйрықпен танысуы қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.

Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі оған тұрғылықты жері бойынша қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықтың көшірмесін хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған жағдайда қызметкер осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қылмыстық iс ақталатын негiздер бойынша қысқартылған, ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкердiң лауазымы, арнаулы немесе әскери атағы, сыныптық шенi қалпына келтiрiледi.

Адамның қызметiн (лауазымын, арнаулы атағын немесе сыныптық шенін) қалпына келтiру, егер ол адам ақтау үкiмi күшiне енген не қылмыстық iстi ақталатын негiздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай iшiнде орын алса, ол өтініш жасалған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

5. Қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты құқық қорғау органдарынан шығарылған, ал кейiннен ақталған және тиiсiнше лауазымы мен арнаулы атағы немесе сыныптық шені қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыты үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен ақшалай үлесі өтеледi.

 

39-бап. Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқару

1. Қызметтік қажеттілікке байланысты қызметкерге атқаратын (негізгі) лауазымынан босатпай, жоғары тұрған лауазымның міндеттерін атқару уақытша жүктелуі мүмкін.

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Негізгі мiндеттерiнен босатыла отырып, басқа лауазымдар бойынша мiндеттердi уақытша атқару белгіленген тәртiппен жүктелген штаттық лауазымдағы қызметкерлерге ақы төлеу мынадай тәртiппен жүргізiледi:

1) штаттағы орынбасарларға, өздерiнiң тiкелей басшысының бос емес лауазымы бойынша қызметтік мiндеттерiне қарамастан, ақшалай үлес төлеу олардың негізгi атқаратын лауазымы бойынша жүргізiледi;

2) басшының бос лауазымы бойынша мiндеттерiн, оның iшiнде оның орынбасарларының да уақытша атқаруы кезiнде, ақы өзге де төлемдер ескеріле отырып, лауазымды уақытша атқаруға көзделген айлықақысына қарап, бiрақ екi айдан аспайтын уақытқа төленедi. Көрсетілген мерзім ішінде оларды осы лауазымға тағайындау немесе бос лауазым бойынша мiндеттердi орындаудан босату туралы шешiм қабылдануы тиіс.

Мiндеттердi уақытша атқарудың үзіліссiз мерзiмi бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша төрт айдан аспауға тиіс.

Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың үзіліссiз мерзiмi лауазымды атқаруға кiрiскен күннен бастап, бiрақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, ал күнi көрсетiлмесе, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, мiндеттерiн атқарудан босатылған күн қоса есептеледi.

Лауазым бойынша мiндеттi атқарушы етiп тағайындау қызметкерлердi лауазымдарға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берiлген лауазымды адамдардың бұйрығымен ресiмделедi.

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қызметкерге осы бапқа сәйкес міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу және оны осыған байланысты негізгі лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босату, тікелей басшысы болмаған кезеңде оның лауазымы бойынша міндеттерді атқару қызметкердің қызметтік міндеттерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының актісімен жүзеге асырылады.

 

40-бап. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс уақыты

1. Қызметкерлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.

Әрбір құқық қорғау органында қызметтік әрекеттің ерекшеліктерімен және жедел жағдаймен, жыл мезгілімен, жергілікті жағдайлармен және басқа да нақты мән-жайлармен анықталатын, қатаң регламенттелген күн тәртібі белгіленеді.

2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Күн тәртібі қағидалары құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының актісімен бекітілетін жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, азаматтарды қабылдау сағаттарын (халық үшін барынша қолайлы), қызметкерлердің жекелеген санаттарының қызмет атқару кезегін белгілейді.

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нормативтік жүктемелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Қажет болған жағдайда қызметкерлер белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi қызметтiк мiндеттерiн орындауға шақырылуы мүмкiн. Өтемақы төлеу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

41-бап. Құқық қорғау қызметінің өтілі (еңбек сіңірген жылдары)

1. Құқық қорғау қызметінің өтілі зейнетақыға құқық беретін еңбек сіңірген жылдарын есептеу, еңбек сіңірген жылдары үшін қосымша демалыс беру, қызметкер жұмыстан шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы төлеу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру және құқық қорғау органдарының ведомстволық айырым белгілерімен марапаттауға ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен есептеледі.

2. Қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен есептеледі.

3. Қызметкерлердің құқық қорғау органдарында қызметте болу кезеңі олардың жалпы еңбек өтіліне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.

4. Қызметкердің құқық қорғау органының қарамағында болған уақыты қызмет өтіліне есептеледі.

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.

 

2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

42-бап. Жеке істі және есепке алу құжаттарын жүргізу

1. Құқық қорғау органында қызметкерлердің дербес деректерін, қызмет әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы мәліметтерді қамтитын жеке істер, есепке алу құжаттары жүргізіледі.

2. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде құқық қорғау органында мына талаптар сақталуға тиіс:

1) қызметкердің дербес деректерін жинау және өңдеу қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеруіне, оқуына және лауазымдық өсуіне ықпал етуді, қызметкердің жеке басының және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оған тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, лауазымдық міндеттерін атқару нәтижелерін есепке алу мақсатында жүзеге асырылады;

2) осы Заңға сәйкес қызметкерден алынған дербес деректердің анықтығын тексеру мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылады;

3) қызметкердің дербес деректерін заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтудан қорғау осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен көзделген тәртіппен құқық қорғау органының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;

4) заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің жазбаша нысанда білдірген келісімінсіз оның дербес деректерін үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.

3. Қызметкердің жеке ісіне құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз етуге қажетті, құқық қорғау қызметіне тұрумен, оны өткерумен және құқық қорғау қызметінен шығумен байланысты оның дербес деректері және өзге де мәліметтер енгізіледі.

4. Құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жатқан) азаматты (қызметкерді) қабылдау (ауысу) кезінде азаматтың (қызметкердің) құқық қорғау немесе әскери қызметті өткерген (өткеріп жүрген) мемлекеттік органдардан немесе ұйымдардан құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының сұратуы бойынша құқық қорғау органының мекенжайына қызметкердің сіңірген еңбегінің есебі, қызметтік тізімінің көшірмесі, соңғы аттестаттау бойынша қорытындысы және қызметтік әрекетін сипаттайтын басқа да материалдар жіберіледі.

5. Қызметкердің жеке ісінде және есепке алу құжаттарында қамтылған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатады.

6. Басқа қызметкердің дербес деректерін алуды, сақтауды, өңдеуді, пайдалануды және беруді реттейтін нормалардың бұзылуына, сондай-ақ осындай деректердің жоғалуына немесе жария болуына кінәлі қызметкер осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жауаптылыққа болады.

7. Қызметкердің дербес деректерін қамтыған жеке ісін жүргізу тәртібін құқық қорғау қызметінің басшысы бекітеді.

 

43-бап. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кездегі құқық қорғау қызметіне байланысты құқықтық қатынастар

2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қысқартылатын лауазымды атқарып отырған қызметкермен құқықтық қатынастар:

1) қызметкерге сол не басқа құқық қорғау органында өзге де лауазымды атқару мүмкіндігі ұсынылған;

2) қызметкер кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға немесе құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген жағдайларда жалғасады.

2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Құқық қорғау органы қайта ұйымдастырылған жағдайда, жаңадан құрылған органның басшылығы қайта ұйымдастырылған органның қызметкеріне оның біліктілігіне сәйкес лауазымды ұсынады.

Қызметкер ұсынылып отырған лауазымнан бас тартқан жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылады.

2. Құқық қорғау органы таратылған кезде қызметкерге қатысты құқықтық қатынастар қызметкерге таратылған құқық қорғау органының функциялары берілген құқық қорғау органында не басқа құқық қорғау органында өзге лауазымды атқару мүмкіндігі ұсынылған жағдайда жалғасуы мүмкін.

3. Қызметкер ұсынылған өзге лауазымды атқарудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңда белгіленген тәртіппен құқық қорғау қызметінен шығарылады.

 

44-бап. Құқық қорғау органына жатпайтын лауазымдарда қызмет өткеру

Қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрында қалдырыла отырып, оған жатпайтын лауазымдарда:

1) құқық қорғау органының қарамағында болған;