Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығы
(2024.22.11. берілген өзгерістермен)
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйырық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.