«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 332 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 332 қаулысымен бекітілген

 

 

«Дәрігерді үйге шақыру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде, сондай - ақ www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

«Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт), сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығы негізінде (бұдан әрі - Бұйрық) ұсынылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері:

1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында (Бұйрықтың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес) жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.