Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
14-қосымша
«Топырақтың сот сараптамасы»
кәсіптік стандарты
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Топырақты сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол топыраты сот-сараптамалық зерттеу жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу нысанасы -адамның, жануардың болғандығын және заттың жергілікті жердің нақты учаскесінде болғандығын куәландыратын, криминалистика және жаратылыстану-техникалық ғылымдар саласындағы арнайы ғылыми білімдер негізінде белгіленетін нақты деректер;
2) арнаулы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу объектілері - тасымалдаушы заттарда (көлік құралдарында, киімде, аяқ киімде, бұзу құралдарында, жарақат алу және кісі өлтіру құралдарында және т. б.) топырақ тектес заттарды қалыптастыру, қабаттастыру учаскелерінің топырақтары, оқиға орнынан топырақ үлгілері, сондай-ақ сараптама нысанасына жататын істің өзге де материалдары;
3) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
4) дағды - кәсіптік тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қолдану қабілеті;
5) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді немесе жүзеге асырылған қызметтің куәлігін қамтитын құжат қадағалауды ресімдеу және верификация жүргізу, алдын алу және түзету іс-әрекеттері туралы куәліктерді ұсыну үшін;
6) топырақ - топырақ түзілу факторларының бірлескен әсері кезінде құрлықтың беткі қабаттарын қайта құру нәтижесінде пайда болатын табиғи объект.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: