(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 шешімі

(2024.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабындағы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024.09.02. № 8С-16/2-24 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 4 517 653,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 1 695 011,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 45 538,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 176 228,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 2 600 876,0 мың теңге;

2) шығындар - 4 520 960,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 871,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 36 920,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 049,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -21 178,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 21 178,6 мың теңге.

2. 2024 жылда 295 640,0 мың теңге сомасында аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі ескерілсін.

3. 2024 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттердің көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен анықталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.