«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

15-тармақтың 14-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14-1) Заңның 25-бабының 6-2-тармақшасына сәйкес ақпараттандыру объектілерінен алынған табиғи монополия субъектісінің қуатын нақты пайдалану туралы деректер;»;

247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«247. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:

1) бірінші топ - халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемдері және ыстық сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

2) екінші топ - өзге де тұтынушылар - бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар;

3) үшінші топ - бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар.

Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

1-кіші топ - реттеліп көрсетілетін қызметтерді 1 адамға айына 3 м3- -ге дейін тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.