Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері:
1) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) медициналық ұйымдардың мамандарын, оның ішінде медициналық емес білімі бар мамандарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;