«Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы

 «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы

 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Есеп комитеті:

1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін жүзеге асырады;

2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;

3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.»;

7-тармақ алып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған күні (күні, айы, жылы); жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;

2) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте); телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы); электрондық поштасының мекенжайы;

3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі;

4) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.